Арнайы шоттан ақша аудару (тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін)

  Рет қаралды 17,092

Отбасы Банк

Отбасы Банк

4 жыл бұрын

Достар, тұрғын үй төлемдерін алушылар үшін тамаша жаңалығымыз бар.
Енді сіз OTBASY BANK мобильдік қосымшасы арқылы өз телефоныңыздан депозит, несие, жалдамалы тұрғын үй үшін ақша аудара аласыз.
Ол үшін мобильдік қосымшаға кіріп, «Менің арнайы шотым» бөліміндегі «Аударымдар» батырмасын басуыңыз керек . Одан кейін, қаражатты қайда аударғыңыз келетінін таңдаңыз (депозит, жалдамалы тұрғын үй немесе несие). Депозитті толықтыру үшін қажетті соманы енгізіп, «Аудару» батырмасын басыңыз. Бірнеше секундтан кейін сізге бірретік код көрсетілген СМС хабарлама келеді. Сол кодты енгізіп, операцияны растауыңыз қажет.
Егер сіз несие немесе жалдамалы үй үшін ақша аударғыңыз келсе, онда «Аудару» батырмасын баспастан бұрын, жеке немесе заңды (компания) тұлғаның қайсысына ақша аударғыңыз келетінін таңдауыңыз керек. Одан кейін, қаражатты алушының реквизиттерін енгізіңіз (жеке тұлғаның ЖСН-і, заңды тұлғаның шот нөмірі). Сосын, сома мөлшерін көрсетіп, «Аудару» батырмасын басыңыз. Сол кезде төлемді растау үшін сізге бірретік коды бар СМС хабарлама келеді.
Бәрі жылдам әрі оңай және еш жерге барудың қажеті жоқ. Үйде отырыңыз да, өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін сақтаңыз!

Пікірлер: 14
@nuralyorazov618
@nuralyorazov618 2 жыл бұрын
Музыкасыз түсініктілеу , асықпай көрсетуге боладығой . Музыка тіпті жағып тұран жоқ
@user-xg6wf9ez8j
@user-xg6wf9ez8j Жыл бұрын
Сонымен не болды ақшаны басқа счетқа аудара аламыз ба. Дым түсінбедім.
@user-ur6js8dd8o
@user-ur6js8dd8o 9 ай бұрын
Осы Қазақстан өзі миы ашып жүрген адамды одан бетер жынды қылады.Темасымен көрсетіп жатқаны екі түрлі сәйкес келмейді.
@stana01.
@stana01. Жыл бұрын
Музиканы несине сынгырлатып койып койган, миды ашытып
@user-qz9gw8sg5b
@user-qz9gw8sg5b Жыл бұрын
Отбасы банктен ақшаны шешіп алуға болама
@user-jf2vq6ol6y
@user-jf2vq6ol6y Жыл бұрын
Шеше алдыңызба?
@user-qz9gw8sg5b
@user-qz9gw8sg5b Жыл бұрын
@@user-jf2vq6ol6y ия отбасы банке барсаң шешіп береді
@user-jf2vq6ol6y
@user-jf2vq6ol6y Жыл бұрын
@@user-qz9gw8sg5b % ап қалама ол кісілер?
@gulzhainakozhanova4927
@gulzhainakozhanova4927 Жыл бұрын
@@user-jf2vq6ol6yиа 120 мыңнан 5000 ұстады
@user-kx6uu3tm5p
@user-kx6uu3tm5p 9 ай бұрын
Қанша сумма шешсеңде 5000ұстайды
@mobilplus3610
@mobilplus3610 Жыл бұрын
Бул алу емес салугой депозитке
@user-uh2ri8ty4e
@user-uh2ri8ty4e 3 жыл бұрын
Бурымдау акша алуга дипазиттен
@user-ml2pq7qx7k
@user-ml2pq7qx7k 5 ай бұрын
Но каспи басқа банкоматный карточкаға аудара алмайды екенсің
I MADE A CARDBOARD SWING!#asmr
00:40
HAYATAKU はやたく
Рет қаралды 31 МЛН
Glow Stick Secret (part 2) 😱 #shorts
00:33
Mr DegrEE
Рет қаралды 48 МЛН
Кәріс тіріма өзі ?  | Synyptas 3 | 8 серия
24:47
kak budto
Рет қаралды 1,6 МЛН
Зейнетақы жинақтарының жай күйі туралы ақпаратты қалай алуға болады?
2:25
Обучающие видео государственных услуг и справок
Рет қаралды 45 М.
Үй салуға қанша ақша кетті???
16:04
Darkhan Adish
Рет қаралды 633 М.
I MADE A CARDBOARD SWING!#asmr
00:40
HAYATAKU はやたく
Рет қаралды 31 МЛН